Құрметті «Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушылары!
WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде және басқа да интернет платформаларында «Кітап оқитын ұлт» марафонының атауын, рәміздерін және тақырыбын пайдаланып, түрлі топтар мен пабликтер пайда болғанына назар аударуларыңызды сұраймыз.
Ресми түрде мәлімдейміз: «Кітап оқитын ұлт» марафонының ұйымдастырушылары аталған топтар мен пабликтерге ешқандай қатысы жоқ.
Бізге кейбір осындай топтарда ақылы түрде қосылу ұсынылатыны, қаражат жинау жүргізілетіні немесе марафонға қатысу үшін төлем жасау талап етілетіні белгілі болды.
Ескертеміз: мұндай топтар алаяқтық мақсатта құрылуы мүмкін.
Сіздерден ерекше мұқият әрі сақ болуларыңызды сұраймыз:
- бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар;
- мұндай топтарға «кіру» немесе «қатысу» үшін ақы төлемеңіздер;
- банк картасының деректерін, растау кодтарын және басқа да жеке мәліметтеріңізді бермеңіздер;
«Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысу — ТЕГІН!
Марафонға қатысқаны үшін ұйымдастырушылар тарапынан ешқандай ақшалай төлем немесе қаражат жинау жүргізілмейді.
Егер сіздер марафон ұйымдастырушыларының атынан сөйлесіп, ақша төлеуді талап ететін топтармен немесе адамдармен кездессеңіздер, сақ болыңыздар және ешқандай ақша аудармаңыздар.
Назар аударып, қырағылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!