Құрметті «Кітап оқитын ұлт» марафонының қатысушылары!
Қатысушылардың бірқатар өтініштерін ескере отырып, кейбір кітаптардың электронды және өзге де қолжетімді форматтарын назарға ала отырып, марафонның кітаптар тізіміне өзгерістер енгізілді.
Жаңа кітаптар тізімі марафонның ресми сайтында және жеке кабинеттеріңізде жарияланды.
Еске сала кетейік, ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға кітаптар таратылмайды. Әр қатысушы өзіне ыңғайлы электронды немесе басқа да форматты өз бетінше таңдайды.
Сонымен қатар, марафон сайтында көрсетілген цифрлық платформаларға тіркелу ерікті түрде жүзеге асырылады.
Марафонға белсенді қатысып, кітап оқуға деген қызығушылықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Ізгі ниетпен,
«Кітап оқитын ұлт» марафонының ұйымдастырушылары