ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «КІТАП ОҚУ – ЖАСТАРДЫ ҮСТІРТ ОЙЛАУДАН ЖӘНЕ АҚПАРАТ ТАСҚЫНЫНА ЖҰТЫЛЫП КЕТУДЕН САҚТАП ҚАЛАТЫН РУХАНИ ҚАЛҚАН»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «КІТАП ОҚУ – ЖАСТАРДЫ ҮСТІРТ ОЙЛАУДАН ЖӘНЕ АҚПАРАТ ТАСҚЫНЫНА ЖҰТЫЛЫП КЕТУДЕН САҚТАП ҚАЛАТЫН РУХАНИ ҚАЛҚАН»

Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді Мұғалімдер күнімен құттықтады. Президент бұл мерекенің бүкіл қоғамды біріктіретін, халықтық сипатқа ие болған қастерлі мейрамға айналғанын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқудың адам тәрбиесі мен қоғамның рухани дамуындағы маңызына тоқталып, кітаптың жастарды үстірт ойлаудан және ақпарат тасқынына жұтылып кетуден сақтайтын рухани қалқан екенін жеткізді.

– Халқымыздың асыл перзенті Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген тамаша сөзі бар. Кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды. Кітап оқу – азаматтарды, әсіресе, жастарды үстірт ойлаудан және ақпарат тасқынына жұтылып кетуден сақтап қалатын рухани қалқан. Сондықтан мен биыл мамыр айында «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Үкімет жыл соңына дейін тиісті тұжырымдама қабылдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.