1 373 325 АДАМ КІТАП ОҚЫП, ДАМУҒА ҰМТЫЛАДЫ: АУҚЫМДЫ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІРІКТІРДІ

1 373 325 АДАМ КІТАП ОҚЫП, ДАМУҒА ҰМТЫЛАДЫ: АУҚЫМДЫ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІРІКТІРДІ

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысу үшін тіркеу 27 қыркүйекте аяқталды. Негізгі конкурстық бағдарламаға 1 373 325 қатысушы тіркелді. Қазір марафон белсенді кезеңге өтті — қатысушылар кітап оқып, пікірлерін дайындауға кірісті.

Биылғы оқырман марафоны әртүрлі жастағы, мамандықтағы және әлеуметтік санаттағы қатысушыларды біріктірді. Қатысушылардың 68,8%-ы қазақ тілінде, 31,2%-ы орыс тілінде тіркелді.

Қатысушылар жеті негізгі бағытқа бөлінді:

  • «Кітап оқитын мектеп» — 681 704 қатысушы;

  • «Кітап оқитын университет» — 112 988 қатысушы;

  • «Кітап оқитын колледж» — 156 950 қатысушы;

  • «Кітап оқитын педагог» — 224 319 қатысушы;

  • «Кітап оқитын әулет» — 40 730 қатысушы;

  • «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — 86 525 қатысушы;

  • «Кітап оқитын зияткер» — 67 614 қатысушы.

Алдағы алты ай ішінде қатысушылар 15 кітап оқып, оқыған шығармалары бойынша пікір дайындауы тиіс. Осылайша, марафонның қазіргі кезеңі оқылым көлемін арттырумен ғана шектелмей, кітап мазмұнын терең түсінуге және әр қатысушының жеке оқырмандық тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

Марафонның келесі кезеңі 2027 жылғы наурызда басталады. Қатысушылар онлайн-тестілеуден өтіп, зияткерлік квиздерге қатысады. Бұл сынақтардың нәтижелері байқаудың келесі кезеңінің бір бөлігі болады.

Марафонның жеке бағыты — «Parasat». Ол конкурстан тыс форматта өткізіледі. Бұл бағытқа қатысу үшін тіркеу жалғасуда және 2026 жылғы 30 қазанға дейін ашық болады.

Тіркеуге қатысушылардың көптеп жиналуы жобаға деген жоғары қызығушылықты көрсетіп, мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, отбасылар және басқа да санаттағы қатысушыларды біріктіріп отыр.

Осылайша, «Кітап оқитын ұлт» марафоны өз жұмысын жалғастыруда. Тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін қатысушылар алты айға созылатын оқырман марафонына кірісті. Оның аясында 15 кітап оқу, пікірлер дайындау, онлайн-тестілеуден өту және зияткерлік квиздерге қатысу жоспарланған.