МАРАФОННЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ 2026 ЖЫЛҒЫ 27 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЯҚТАЛАДЫ.
Марафон аясында қатысушылар жеті бағыттың бірін таңдай алады:
«Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары үшін;«Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері үшін; «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері үшін; «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары үшін; «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар үшін; «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер үшін; «Кітап оқитын зиялы» — барлық ниет білдірушілер үшін.
«PARASAT» КОНКУРСТАН ТЫС БАҒЫТЫНА ТІРКЕЛУ 2026 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ.
Бұл бағытқа кәсібіне, лауазымына, тұрғылықты жеріне және азаматтығына қарамастан кез келген адам қатыса алады.
Бағытқа мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық өкілдері, қоғам белсенділері, сондай-ақ шетелде тұратын отандастар шақырылады.