Что говорят участники

Отзывы участников и рецензии на проект «Читающая нация», живые эмоции и личный опыт

Сұлтан Ж.

Атырау облысы

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы өз заманында үлкен ізденіспен, қазақы танымға бейімделіп жазылған, ұлт тәрбиесінде өз орнын ойып алған құдіретті оқулық. Бір ғасыр өтсе де құндылығын жоя қоймаған бұл кітап бүгінде әрбір оқырманның, педагогтің қолында оқылып, бала тәрбиелеуде орасан зор көмегін беріп келе жатыр. Ғылыми еңбекті оқып-түйгенін әр ұстаз әріптестеріне, сынып жиналыстарында ата-аналарға насихаттауға міндетті. Еліміз бен ұлтымыздың болашағы өзіміздің қолымызда екендігін ұмытпайық.

«Кітап оқитын педагог»

Григорий З.

Карагандинская область

Эта книга оставила после себя тёплое, но вместе с тем грустное чувство. Книга читается на одном дыхании, хотя и затрагивает глубокие темы — например, войну и психологию человека. Отношения между Робби, Отто и Готтфридом вызывают огромное уважение. Они всегда рядом, готовы отдать друг за друга последнее и никогда не бросают в беде. Без лишнего пафоса — просто на деле. Отношения Робби и Пат получились очень трогательными и настоящими.

«Читающая школа»

Мейрамгуль С.

Ақтөбе облысы

Бұл кітапты жұмысында адамдармен жиі келіссөз жүргізетін мамандарға ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста өз ойын сауатты жеткізгісі келетін кез келген адамға ұсынуға болады. Оқырманға ой салып, қарым-қатынас пен келіссөз жүргізу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін құнды еңбек деп ойлаймын. Маған әсіресе теориядан гөрі практикалық тәсілдер мен нақты мысалдардың берілуі ұнады.

«Кітап оқитын педагог»

Эсмира Г.

Акмолинская область

Недавно я прочитала рассказ Мухтара Ауэзова «Серый Лютый». Произведение оставило у меня много различных впечатлений и эмоций. Во время чтения мне было одновременно интересно и грустно. Главным героем рассказа является волк Көксерек. Произведение рассказывает о волке, который был сильным, смелым и свободолюбивым. Сначала волчонка забрали из логова и вырастили среди людей, но он не смог забыть свою природу и всё время стремился вернуться в степь.

«Читающая школа»

Е. Сафуллин

Батыс Қазақстан облысы

Бала күнімнен кітапсүйер оқырман ретінде «Кітап оқитын ұлт» марафонын аса қуанышпен қабылдадым. Мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылған 15 кітап арасынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев туралы жазған естелік кітабын оқуды бірінші кезекке қойдым. Себебі еліміздегі №1 тұлға ретінде де, осы марафонды іске қосушы ретінде де Президентіміздің шыққан тегі, өскен ортасы туралы оқу мені қатты қызықтырды. Қызықты және ғибратты кітап болар деп ойладым. Шынында да, кітап мені соншалықты қызықтырды: екі аптада қазақша аудионұсқасын 2 рет, орысша аудионұсқасын 1 рет тыңдадым және кітаптың қазақша нұсқасын 1 рет оқыдым. Нәтижесінде шығарманы 4 рет оқығандай болдым. Әр саналы азамат өзінің шыққан тегін, ата-анасын, олардың өзіне берген тәлімін жинақтауға ұмтылары хақ.

«Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»

Асем Ж.

Алматинская область

Книга Мухтара Магауина «Дети одного отца» произвела на меня огромное впечатление. В ней рассказываются события, случившиеся во время Великой Отечественной войны, и о детях, оставшихся без родителей из-за войны. Дети были разной национальности, совершенно разные люди с одной и той же жизненной ситуацией. Но я считаю, что сама книга о том, что всё-таки происходит с душой человека, у которого отнимают всё родное — дом и близких людей. Мне особенно понравилась главная идея произведения — то, что люди, несмотря на национальность, всё равно могут стать одной семьёй.

«Читающий университет»

Г. Әбдутәліп

Астана қаласы

Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» романын оқып бітірдім. Кітап маған ерекше әсер қалдырды. Мүмкін өзім дәрігер болғандықтан шығар, бірінші назар аударғаным — денсаулықтың маңыздылығы. Адам қандай дәрежеде болса да, төсек тартып жатып қалғанда біраз жағдайдың өзгеретінін түсіндіргендей. Кітапты оқып бастағанда сол бұрынғы қазақ халқының көшпенді өмірі, күнделікті тіршілігі жайлы екен деп отырсам, бұл жерде түрлі кейіпкерлер, қиыншылықтар, наразылықтар, махаббат, ұлт тағдыры, бұрынғы бейбіт өмірдің қалай біртіндеп өзгергенін көрсеткендей, мағынасы терең кітап екен.

«Кітап оқитын зияткер»

Әйгерім Б.

Павлодарская область

Я прочла эту великолепную книгу буквально 2 минуты назад и решила, что отзыв стоит написать именно сейчас — под впечатлением, пока я не забыла все свои ощущения от неё. Как учителю, мне на мгновение стало очень обидно за Дюйшена, за то, что он остался простым почтальоном, а не почётным человеком этого аила. Но, конечно, я очень поражена его мужеством, мудростью и добротой сердца, когда он так боролся за то, чтобы дети того времени не остались без знаний и не отставали от людей и детей, живших тогда в городах. За то, как он боролся за то, чтобы бедная, никому не нужная девочка не загубила свою жизнь из-за тётки. И, конечно, очень впечатлила любовь.

«Читающий педагог»

Нұрдаулет Ж.

Маңғыстау облысы

Лесли Ньюманның «Хачико. Иесін күткен ит» кітабын оқып шыққанда жүрегім жылап, ойым тереңдеп қалды. Көлемі шағын, небәрі 108 бет болғанымен, бұл кітап көптеген қалың романдардан артық әсер қалдырды. Мұнда шешен сөз де, күрделі сюжет те жоқ. Бірақ қарапайым оқиғаның өзі адамның жанын қозғайтындай күшті. Кітап Жапониядағы нақты оқиғаға негізделген.

«Кітап оқитын оқушы»

Альбина С.

г. Алматы

Самая короткая, самая грустная и самая неожиданная книга в моей жизни! Автор точно показал, как мы должны бороться за свою жизнь, не останавливаясь и не боясь преград. И конечно же навсегда в памяти его слова: «Человека можно уничтожить, но не победить!» Особенно понравилось отношение и дружба между стариком и мальчиком. Трогают его слёзы, уважение к старику и забота. Самый лучший друг и самые лучшие качества человека — в нём. Хочу прочитать её и на казахском языке, и буду рекомендовать всем, в первую очередь своим детям!

«Читающий интеллектуал»

Меруерт Д.

Жамбыл облысы

«Гауһартас» — жай ғана отбасылық драма емес, сезім мен дөрекіліктің, нәзіктік пен суықтықтың арпалысы. Маған шығарманың Қайыркеннің атынан баяндалғаны ұнады — ол жеңгесінің әрбір мұңын, сезімін және ішкі жалғыздығын түсінген жалғыз кейіпкер десем артық айтпаспын. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, Ыбыш та Салтанаттың қадірін одан айырылғанда ғана түсінді. Өте ғибратты, ой салатын шығарма!

«Кітап оқитын университет»

Альдияр Қ.

Восточно-Казахстанская область

Если вы ищете произведение, которое можно прочитать за один вечер, но размышлять о нём неделями, «Старик и море» Эрнеста Хемингуэя — идеальный выбор. На первый взгляд это очень простая история о неудачливой рыбалке. Главный герой книги — старый кубинский рыбак по имени Сантьяго. Ему катастрофически не везёт: он выходит в море уже 84 дня подряд и возвращается абсолютно ни с чем. Местные жители начинают считать его проклятым и «списанным со счетов».

«Читающий интеллектуал»

Алмазия Ә.

Қызылорда облысы

Мен «Алтын тостағанды іздеу» кітабын оқып шықтым. Маған бұл кітап өте қызықты болды. Кітаптың атауының өзі менің қызығушылығымды оятты. Алтын тостаған қандай екен, оны кім іздейді және соңында не болады деген сұрақтар пайда болды. Сондықтан кітапты қызығып оқыдым. Бұл шығармада кейіпкерлердің алтын тостағанды іздеуі туралы айтылады. Олар өз мақсаттарына жету үшін әртүрлі қиындықтардан өтеді.

«Кітап оқитын мектеп»

Ольга Ж.

Северо-Казахстанская область

Очень серьёзная книга, которая заставляет задуматься. Это не та литература, которую читаешь ради лёгкого развлечения перед сном — скорее, это глубокий аналитический манифест. Шваб поднимает вопросы, которые уже сегодня определяют нашу реальность, а завтра станут определяющими для выживания бизнеса, государств и даже целых профессий. Особенно впечатляет то, с какой скоростью сбываются многие его прогнозы. Рекомендую к прочтению всем, кто хочет мыслить стратегически: загляните в книгу Клауса Шваба — это мощный интеллектуальный ориентир для тех, кто хочет понять, куда движется наш мир…

«Читающий государственный служащий»

Нұржанбаевтар отбасы

Түркістан облысы

Біз Нұржанбаевтар әулеті «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысушымыз. Алғашқы оқыған кітабымыз — Иво Андричтің «Дрина көпірі» романы. Югославия тарихында Нобель сыйлығының жалғыз лауреаты (1961 ж.) болған Иво Андрич бұл шығармасын оқшаулау (дипломатиялық артықшылықтан бас тартқаны үшін үй қамағында болған) кезінде жазған. Қазақ тіліне аударған — Таласбек Әсемқұлов. Аудармашы Осман империясының әдеби тілін өте жақсы білген, кәсіби деңгейде меңгерген. Осман империясының тарихы мен мәдениетіне жетік болған.

«Кітап оқитын әулет»

Итемгеновы

Павлодарская область

Мы — семья Амир Мансур, мама Венера, папа и сын Арман. Вместе мы прочитали замечательную книгу Даниэля Дефо «Робинзон Крузо». Эта книга стала для нас не просто интересным приключением, а поводом поговорить всей семьёй о мужестве, трудолюбии, взаимопомощи и умении не сдаваться перед трудностями. Амиру особенно понравились приключения Робинзона и его жизнь на необитаемом острове. Его удивило, как человек может своими руками создать всё необходимое для жизни.

«Читающая династия»

Динара А.

Қостанай облысы

Дулат Исабековтың «Қарғын» романы адамның ішкі жан дүниесін, шынайы сезімін, махаббат пен адамгершілік мәселелерін көрсететін шығарма. Шығармадағы Бағила, Жасын, Мәлике, Сәргел, Қаратай, Тұрғат, Мәнсия, Сербота сияқты кейіпкерлердің арпалысы, ішкі ойлары, қызғаншақ мінездері, сезім мен жауапкершілік, адам жанының күрделі табиғаты арқылы оқиға өрбіп, адамды оқыған сайын баурай түседі. Енді ғана қалаға оқуға келген Бағила талантты жас жазушыға ғашық болады: ол сезімін жасырмайтын, шынайы сезімге сенетін және махаббатқа адал қарайтын кейіпкер.

«Кітап оқитын зияткер»

Евгений С.

Костанайская область

Эта книга заставила меня по-новому взглянуть на то, как я принимаю решения. Канеман объясняет, что у человека есть две системы мышления: быстрая, интуитивная и эмоциональная, и медленная, логическая, требующая усилий. Мы часто доверяем первой, даже когда она подсказывает ошибочный ответ. Больше всего мне запомнились примеры когнитивных искажений: эффект якоря, избегание потерь, чрезмерная самоуверенность. Я заметил, что сам нередко попадаюсь на такие ловушки, например, когда принимаю решение на глаз, не проверив факты. Книга объёмная и местами непростая, но написана живо и подкреплена реальными экспериментами.

«Читающий колледж»