«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУ РЕГЛАМЕНТІ

«Кітап оқитын әулет» бағыты

1. Жалпы ережелер

1.1. «Кітап оқитын әулет» бағыты бойынша кітап оқу марафоны отбасылық оқу дәстүрін сақтап, дамытып келе жатқан отбасылар арасында өткізіледі.

1.2. Байқаудың мақсаты — қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, азаматтардың сыни және аналитикалық ойлауын дамыту, сондай-ақ елдің интеллектуалдық әлеуетін және адами капиталын нығайту.

1.3. Байқаудың құрылтайшысы - «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» қоғамдық қоры.

1.4. Байқаудың ұйымдастырушылары:

  • жалпы білім беретін мектептер (мектепішілк кезеңі);
  • аудандық (қалалық) білім бөлімдері (аудандық/қалалық кезең);
  • облыстық/қалалық білім басқармалары (өңірлік кезең).

1.5. Байқау екі лигада өткізіледі:

  • қазақ;
  • орыс.

Тіркелу кезінде әрбір қатысушы қатысу тілін өз бетінше таңдайды. Байқау барысында лиганы ауыстыруға рұқсат етілмейді.

2. Кім қатыса алады?

2.1. Байқауға екі және одан да көп ұрпақтан тұратын, құрамы үш адамнан бес адамға дейінгі отбасы қатыса алады.

2.2. Қатысу тегін.

2.3. Қатысу форматы — командалық.

3. Қалай қатысуға болады?

Қатысу үшін төрт қадам жасау қажет.

1

Тіркелу

Тіркелу кезеңінде отбасы әулетінің бір өкілі байқаудың ресми сайтында (www.reading-nation.kz) жеке кабинет ашып, қатысушының анкетасын толтыруы және онда отбасылық команданың барлық мүшелерін (үш адамнан бес адамға дейін) және таңдалған лиганы көрсетуі қажет. Отбасы өкілі көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.

2

Кітап оқу

Қатысушылар байқау тізіміне енгізілген 15 кітапты оқуы қажет. Кітаптар тізімі байқаудың ресми сайтында жарияланады.

Кітаптарды мына форматтарда оқуға болады:

  • қағаз форматында;
  • электрондық форматта.

Қатысушыларға кітап берілмейді.

3

Пікір жазу

Әр кітапты оқып болғаннан кейін қатысушы жеке кабинетіне сол кітап бойынша қысқаша пікірін жариялайды.

Пікір мына талаптарға сай болуы тиіс:

  • шығарманың мазмұнын қамтуы;
  • қатысушының жеке пікірін қамтуы;
  • дербес жазылуы тиіс.

Интернеттен толық немесе ішінара көшірілген, сондай-ақ үшінші тұлғалар жазған мәтіндерді пайдалануға жол берілмейді.

4

Байқау сынақтарынан өту

Кітап оқу марафоны аяқталғаннан кейін қатысушылар оқыған шығармалары бойынша тестілеуден және интеллектуалдық квизден өтеді.

4. Байқауды өткізу мерзімдері

2026 жылғы - қыркүйек
Қатысушыларды тіркеу
2026 жылғы қыркүйек - 2027 жылғы наурыз
Марафон аясында 15 кітап оқу
2027 жылғы наурыз - сәуір
Қатысушылар арасында квиздер

5. Байқау кезеңдері

I кезең — мектепішілік

Отбасылық команда мүшесі болып табылатын оқушы білім алатын жалпы білім беретін мектеп базасында өткізіледі. Байқау оқылған кітаптар бойынша интеллектуалдық квиз форматында өткізіледі.

Қорытынды бойынша жеңімпаз командалар анықталады - I орын; II орын; III орын.

І орын алған команда аудандық кезеңге қатысу құқығын алады.

II кезең — аудандық (қалалық)

Аудандық (қалалық) кезеңге мектеп командалары қатысады. Байқау интеллектуалдық квиз форматында өткізіледі. Қорытынды бойынша жеңімпаз командалар анықталады - I орын; II орын; III орын.

І орын алған команда өңірлік кезеңде өз ауданының (қаласының) атынан қатысу құқығын алады.

III кезең — өңірлік (облыстық/қалалық)

Өңірлік кезеңге аудандық (қалалық) кезеңдердің жеңімпаз командалары қатысады.

Байқау интеллектуалдық квиз форматында өтеді. I орын; II орын; III орындар анықталады.

6. Қатысушылар қалай бағаланады?

6.1. Бағалауды жүргізу үшін әрбір кезеңде байқау комиссиясы құрылады.

Комиссия құрамына кіретіндер:

  • педагогтар;
  • кітапхана қызметкерлері;
  • әдіскерлер;
  • байқау ұйымдастырушыларының өкілдері.

6.2. Тестілеу кезінде төмендегілер бағаланады:

  • шығармалар мазмұнын білу;
  • сюжет пен кейіпкерлерді түсіну;
  • авторларды білу;
  • оқығанды талдай білу.

6.3. Интеллектуалдық квиз барысында төмендегілер бағаланады:

  • оқылған шығармалардың мазмұнын білу деңгейі;
  • команда жауаптарының дәлдігі мен жылдамдығы;
  • командалық өзара үйлесімді әрекет ету деңгейі.

6.4. Әрбір оқылған кітап пен жарияланған пікір үшін қатысушыға жеке кабинетте рейтингтік балл есептеледі.

6.5. Нәтижелер тең болған жағдайда күрделілігі жоғары байқау тапсырмалары үшін көп балл жинаған қатысушыға (командаға) басымдық беріледі. Қажет болған жағдайда байқау комиссиясы қосымша тапсырма тағайындай алады.

6.6. Апелляция нәтижелер ресми жарияланғаннан кейін 20 минут ішінде қатысушының (команда өкілінің) тиісті кезеңнің байқау комиссиясына беруімен жүзеге асырылады. Тиісті кезеңнің байқау комиссиясы апелляциялық комиссияның функциясын атқарады. Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.

7. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Байқау қатысушысы:

  • осы Регламенттің талаптарын сақтау;
  • конкурстық тапсырмаларды өз бетінше орындау;
  • адал қатысу қағидаларын сақтау;
  • басқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға құрметпен қарау.

Мыналарға тыйым салынады:

  • байқау сынақтары кезінде тыс көмекті, ұялы телефондарды және жауап алудың басқа құралдарын пайдалануға;
  • басқа қатысушының орнына тестілеуден өтуге;
  • өзгенің пікірін жариялауға немесе авторлық құқықты бұзатын материалдарды пайдалануға.

Конкурс талаптарын бұзу анықталған жағдайда, конкурстық комиссия талаптарды бұзған қатысушының нәтижелерінің күшін жоюға құқылы. Егер талаптарды бұзу команда мүшесі тарапынан орын алып, ол конкурстық сынақтың жалпы нәтижесіне әсер еткен болса, нәтижелердің күшін жою команда нәтижесіне толық көлемде қолданылады.

8. Қатысушыларды дайындау

Мектеп кезеңінде отбасылық команданы ұйымдастырушылық сүйемелдеуді отбасылық команда мүшесі болып табылатын оқушы білім алатын мектептің әкімшілігі тағайындаған педагог жүзеге асырады.

Аудандық (қалалық) және өңірлік кезеңдерде команданы ұйымдастырушылық сүйемелдеуді тиісті кезең ұйымдастырушысының өкілдері жүзеге асырады.

9. Марапаттау

Байқаудың барлық қатысушылары қатысушының электрондық сертификатын алады.

Мектеп, аудандық (қалалық) және өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Байқау ұйымдастырушылары арнайы жүлделер мен қосымша номинациялар тағайындауға құқылы.

10. Қорытынды ережелер

10.1. Байқауға қатысу үшін тіркелу арқылы қатысушы осы Регламентпен келісетінін растайды.

10.2. Ұйымдастырушылар байқау сынақтары басталғанға дейін Регламентке өзгерістер енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер байқаудың ресми сайтында жарияланады.

10.3. Байқаудың барысы, тапсырмалары, нәтижелері және жаңалықтары туралы ақпарат www.reading-nation.kz ресми сайтында орналастырылады.