«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУ РЕГЛАМЕНТІ
«Кітап оқитын колледж» бағыты
1. Жалпы ережелер
1.1. «Кітап оқитын колледж» бағыты бойынша кітап оқу марафоны колледж студенттері арасында өткізіледі.
1.2. Байқаудың мақсаты — қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, азаматтардың сыни және аналитикалық ойлауын дамыту, сондай-ақ елдің интеллектуалдық әлеуетін және адами капиталын нығайту.
1.3. Байқаудың құрылтайшысы - «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» қоғамдық қоры.
1.4. Байқаудың ұйымдастырушылары:
- колледж әкімшілігі (колледжішілік кезең);
- облыстық/қалалық білім басқармалары (өңірлік кезең).
1.5. Байқау екі лигада өткізіледі:
- қазақ;
- орыс.
Тіркелу кезінде әрбір қатысушы қатысу тілін өз бетінше таңдайды. Байқау барысында лиганы ауыстыруға рұқсат етілмейді.
2. Кім қатыса алады?
2.1. Байқауға Қазақстан Республикасының барлық колледждерінің студенттері қатыса алады.
2.2. Қатысу тегін.
2.3. Қатысу форматы:
колледжішілік кезең — жеке;
өңірлік кезең — командалық: колледжден құрылған үш адамнан тұратын команда.
3. Қалай қатысуға болады?
Қатысу үшін төрт қадам жасау қажет.
Тіркелу
Тіркелу кезеңінде байқаудың ресми сайтында (www.reading-nation.kz) жеке кабинет ашып, қатысушының анкетасын толтыру қажет.
Кітап оқу
Қатысушылар байқау тізіміне енгізілген 15 кітапты оқуы қажет. Кітаптар тізімі байқаудың ресми сайтында жарияланады.
Кітаптарды мына форматтарда оқуға болады:
- қағаз форматында;
- электрондық форматта.
Қатысушыларға кітап берілмейді.
Пікір жазу
Әр кітапты оқып болғаннан кейін қатысушы жеке кабинетіне сол кітап бойынша қысқаша пікірін жариялайды.
Пікір мына талаптарға сай болуы тиіс:
- шығарманың мазмұнын қамтуы;
- қатысушының жеке пікірін қамтуы;
- дербес жазылуы тиіс.
Интернеттен толық немесе ішінара көшірілген, сондай-ақ үшінші тұлғалар жазған мәтіндерді пайдалануға жол берілмейді.
Байқау сынақтарынан өту
Кітап оқу марафоны аяқталғаннан кейін қатысушылар оқыған шығармалары бойынша тестілеуден және интеллектуалдық квизден өтеді.
4. Байқауды өткізу мерзімдері
- 2026 жылғы - қыркүйек
- Қатысушыларды тіркеу
- 2026 жылғы қыркүйек - 2027 жылғы наурыз
- Марафон аясында 15 кітап оқу
- 2027 жылғы наурыз - сәуір
- Қатысушылар арасында тестілер, квиздер
5. Байқау кезеңдері
I кезең — колледжішілік
Колледж базасында өткізіледі. Әрбір қатысушы оқыған кітаптары бойынша жеке онлайн-тестілеуден өтеді.
Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталады - I орын; II орын; III орын.
Колледж осы кезең қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үш қатысушыдан өңірлік кезеңге қатысу үшін команда жасақтайды. Команданы колледж әкімшілігі жасақтайды.
II кезең — өңірлік (қалалық/облыстық)
Өңірлік кезеңге колледж командалары қатысады. Байқау интеллектуалдық квиз форматында өткізіледі. Қорытынды бойынша жеңімпаз командалар анықталады - I орын; II орын; III орын.
6. Қатысушылар қалай бағаланады?
6.1. Бағалауды жүргізу үшін әрбір кезеңде байқау комиссиясы құрылады.
Комиссия құрамына кіретіндер:
- педагогтар;
- кітапхана қызметкерлері;
- әдіскерлер;
- байқау ұйымдастырушыларының өкілдері.
6.2. Тестілеу кезінде төмендегілер бағаланады:
- шығармалар мазмұнын білу;
- сюжет пен кейіпкерлерді түсіну;
- авторларды білу;
- оқығанды талдай білу.
6.3. Интеллектуалдық квиз барысында төмендегілер бағаланады:
- оқылған шығармалардың мазмұнын білу деңгейі;
- команда жауаптарының дәлдігі мен жылдамдығы;
- командалық өзара үйлесімді әрекет ету деңгейі.
6.4. Әрбір оқылған кітап пен жарияланған пікір үшін қатысушыға жеке кабинетте рейтингтік балл есептеледі.
6.5. Нәтижелер тең болған жағдайда күрделілігі жоғары байқау тапсырмалары үшін көп балл жинаған қатысушыға (командаға) басымдық беріледі. Қажет болған жағдайда байқау комиссиясы қосымша тапсырма тағайындай алады.
6.6. Апелляция нәтижелер ресми жарияланғаннан кейін 20 минут ішінде қатысушының (команда өкілінің) тиісті кезеңнің байқау комиссиясына беруімен жүзеге асырылады. Тиісті кезеңнің байқау комиссиясы апелляциялық комиссияның функциясын атқарады. Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.
7. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Байқау қатысушысы:
- осы Регламенттің талаптарын сақтау;
- конкурстық тапсырмаларды өз бетінше орындау;
- адал қатысу қағидаларын сақтау;
- басқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға құрметпен қарау.
Мыналарға тыйым салынады:
- байқау сынақтары кезінде тыс көмекті, ұялы телефондарды және жауап алудың басқа құралдарын пайдалануға;
- басқа қатысушының орнына тестілеуден өтуге;
- өзгенің пікірін жариялауға немесе авторлық құқықты бұзатын материалдарды пайдалануға.
Конкурс талаптарын бұзу анықталған жағдайда, конкурстық комиссия талаптарды бұзған қатысушының нәтижелерінің күшін жоюға құқылы. Егер талаптарды бұзу команда мүшесі тарапынан орын алып, ол конкурстық сынақтың жалпы нәтижесіне әсер еткен болса, нәтижелердің күшін жою команда нәтижесіне толық көлемде қолданылады.
8. Қатысушыларды дайындау
Колледжішілік кезеңде қатысушыларды дайындау мен ұйымдастырушылық сүйемелдеуді колледж әкімшілігі тағайындаған куратор жүзеге асырады.
Өңірлік кезеңде команданы ұйымдастырушылық сүйемелдеуді тиісті кезең ұйымдастырушысының өкілдері жүзеге асырады.
9. Марапаттау
Байқаудың барлық қатысушылары қатысушының электрондық сертификатын алады.
Колледжішілік және өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Байқау ұйымдастырушылары арнайы жүлделер мен қосымша номинациялар тағайындауға құқылы.
10. Қорытынды ережелер
10.1. Байқауға қатысу үшін тіркелу арқылы қатысушы осы Регламентпен келісетінін растайды.
10.2. Ұйымдастырушылар байқау сынақтары басталғанға дейін Регламентке өзгерістер енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер байқаудың ресми сайтында жарияланады.
10.3. Байқаудың барысы, тапсырмалары, нәтижелері және жаңалықтары туралы ақпарат www.reading-nation.kz ресми сайтында орналастырылады.