 
                        Бастама Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында жариялаған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатыр және Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын елдердің ондығына шығару сияқты өршіл мақсат қояды.
«Оқитын ұлт» жобасы аясында халықтың түрлі топтарын оқу мәдениетіне тартуға арналған байқау басталады. Байқау алты бағыт бойынша өткізіледі:
Әр бағыт бойынша салалық өкілдер мен сарапшылар ұсынған 15 кітаптан тұратын тізім әзірленді. Жалпы тізімге «Қазақ әдебиетінің 100 танымал кітабы» жалпыхалықтық дауыс беруінің қорытындысы бойынша іріктелген шығармалар енді.
Әр санаттағы кітап тізімдері қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейімделді. Мәселен, «Оқитын мектеп» бағыты бойынша 6–10 сынып оқушыларына әр сыныпқа арнап 15 кітаптан, барлығы 75 кітап ұсынылды.
Қатысушылар кітап оқып, шығармашылық тапсырмалар орындайды және зияткерлік сайыстарда бақ сынайды.
2025 жылы жоба Қарағанды облысының 45 мыңнан астам тұрғынын қамтуды жоспарлап отыр. Бұл өңірдің тұрақты оқу әдетін қалыптастыруға және зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Байқаудың негізгі ұйымдастырушылары — «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен Қарағанды облысының әкімдігі, «Amanat» партиясының қолдауымен. Бас демеуші — Alageum Electric компаниясы, өңірлік серіктес — «RGB Group» компаниясы.
Қордың атқарушы директоры Аян Сақошев жобаны таныстырып, оның ұлттың рухани және зияткерлік дамуы үшін маңызын атап өтті.
«Біздің миссиямыз — Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын елдердің топ-10 қатарына енгізу. «Оқитын ұлт» жобасы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің рухани жаңғыруы мен зияткерлік дамуына бағытталған стратегиясы аясында жүзеге асуда. Біз барлық жас санаттарының мүдделерін ескеріп, шабыт беретін әрі тұлғалық өсуге ықпал ететін кітаптарды ұсындық», — деді А. Сақошев.
Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқу мәдениетін ұлттық дамудың негізгі факторы ретінде атап өтіп, білім беру ұйымдарында кітапханалық сервистерді дамытуға, сондай-ақ оқушыларды, педагогтарды және ата-аналарды кітап оқуға белсенді тартуға бағытталған «Оқитын ұлт» жобасын іске асыруды тапсырды.
Байқаулар 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы наурызға дейін өтеді. Әр бағыт бойынша жеңімпаздарға мынадай жүлделер табысталады:
Қарағанды облысының тұрғындарын, оқушыларды, студенттерді, педагогтарды, мемлекеттік қызметшілерді және тұтас отбасыларды «Оқитын ұлт» жобасына қосылуға шақырамыз. Байқауларға қатысып, білім әлемін ашыңыз және Қазақстанда оқу мәдениетін ілгерілетуге бағытталған жаһандық миссияның бір бөлігі болыңыз!