reading-nation@yandex.kz

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Жоба еліміздің рухани жаңаруы мен зияткерлік даму стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда.

ЖОБА МИССИЯСЫ

Елімізді әлемнің ең көп кітап оқитын он мемлекетінің тізіміне енгізу мақсатында Қазақстан азаматтарында бала кезінен бастап тұрақты кітап оқу әдетін қалыптастыру

МАҚСАТЫ

Қазақстан халқы арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға ықпал ету

Кітап оқуды танымал ету және білімге қол жетімділікті насихаттау арқылы ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру

Әдебиетті ілгерілету арқылы рухани және мәдени құндылықтарды нығайту

«Кітап оқитын ұлт» жобасы пилоттық негізде Қазақстанның үш өңірінде жүзеге асырылуда:

Кітаптар тізімі

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында бағыттар бойынша оқуға арналған Кітаптар тізімі:
Ергежейлілер еліне саяхат
Бердібек Соқпақбаев
Менің атым Қожа
Бердібек Соқпақбаев
Көксерек
Мұхтар Әуезов
Қажымұқан
Қалмақан Әбдіқадыров
Мейірімді Асқар
Баянғали Әлімжанов
Қаныштың жастық шағы
Төкен Оразов
Көшім бала
Жәнібек Кәрменов
Қоңыр күз еді
Қалихан Ысқақ
Алтын тостағанды іздеу
Зира Наурызбаева, Лила Клаус
Бала Мәжиттің хикаялары
Хушанг Муради Кермани
Бақытты балақайдың 7 дағдысы
Шон Кови
Робинзон Крузо
Даниель Дефо
Хәрри Поттер және пәлсапа тасы
Джоан Роулинг
Ағайынды Гриммдер ертегілер кітабы
Якоб пен Вильгельм Гримм
Кішкентай Ханзада
Антуан де Сент-Экзюпери

Жоба жаңалықтары

Ұлттық кітап күні қарсаңында Қазақстан футбол федерациясы мен «Кітап оқитын ұлт» қоры спорт пен кітап оқуды ұштастырады

20 сәуір 2026г.

Астана, 2026 жылғы 17 сәуір – Бүгін сағат 11:00-де Қазақстан футбол федерациясының ғимаратында Қазақстан футбол федерациясы мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шара Қазақстанда 23 сәуірде атап өтілетін маңызды мәдени мереке – Ұлттық кітап күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Қостанайда кітап оқу марафоны: мемлекеттік қызметшілер жұмыс пен өзін-өзі дамытуды табысты ұштастыруда

14 сәуір 2026г.

Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап оқу мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетті.

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

14 сәуір 2026г.

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағытының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Жобаға облыстың барлық аудан-қалаларынан 1500-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты.

Бас серіктес

Cеріктестер

Жиі қойылатын сұрақтар

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – оқуды насихаттауға, сыни ойлауды дамытуға және кітапты білім көзі ретінде нығайтуға бағытталған мәдени-ағартушылық бастама.

Жоба алты бағыттан тұрады: 1. Кітап оқитын мектеп (6–10 сынып оқушылары). 2. Кітап оқитын колледж (колледж студенттері). 3. Кітап оқитын университет (жоғары оқу орны студенттері). 4. Кітап оқитын педагог (мектеп мұғалімдері). 5. Кітап оқитын әулет (балалары, ата-аналары және үлкен буын өкілдері бар отбасылар). 6. Кітап оқитын мемлекеттік қызметші (мемлекеттік қызметшілер).

Жобаға қатыса алатындар: 1. Жалпы білім беретін мектептердің 6–10 сынып оқушылары («Кітап оқитын мектеп»). 2. Колледж студенттері («Кітап оқитын колледж»). 3. Жоғары оқу орны студенттері («Кітап оқитын университет»). 4. Мектеп педагогтері («Кітап оқитын педагог»). 5. Кем дегенде бір мектеп оқушысы (6–10 сынып), ата-ана және аға буын өкілі бар отбасылар («Кітап оқитын әулет»). 6. Мемлекеттік қызметшілер («Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»).

Әрбір қатысушы конкурстық комиссия бекіткен тізімдегі 15 кітапты оқуы керек.

Конкурстар екі тілдік лигада өткізіледі: қазақ және орыс тілдерінде. Сіз тіркелу кезінде лиганы таңдайсыз.

Облыстық/Аймақтық кезең (барлық бағыттар): 1-орын: 1 000 000 теңге 2-орын: 600 000 теңге 3-орын: 400 000 теңге

Апелляция нәтижелер жарияланғаннан кейін 20 минут ішінде конкурстық комиссия төрағасының атына жазбаша түрде беріледі, онда даулы сұрақ немесе баға көрсетіледі. Комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады.

Кітаптар тізімі веб-сайтта жарияланады.

Жүлделер кезең аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде төленеді.