Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі бастамасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай қаласында 2025 жылғы 18 желтоқсан күні «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен «Олжа-Агро» ЖШС өңірдегі кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа қордың Атқарушы директоры Аян Қажимерұлы Сакошев және «Олжа-Агро» агрохолдингі Бас директоры Әлішер Асанұлы Қожаназаров қол қойды.
Негізгі мақсат – Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру арқылы тұрғындарды кітап оқуға баулу.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры жобаның мазмұнын, шығармашылық және ұйымдастырушылық бөлігін толық қамтамасыз етеді, ал «Олжа-Агро» ЖШС жобаның қаржылық демеушісі ретінде қолдауды көрсетеді.
Бұл серіктестік мемлекет, бизнес пен қоғамдық ұйымның бірлескен күшімен кітап оқитын ұлт қалыптастыру бағытындағы бірлескен қадамдардың бастамасы.
2025 жылдың қыркүйек айында басталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы бүгінгі таңда өңірдің әр бұрышын қамтып, жүздеген мың адамның жүрегіне жол тапты.
Казіргі күні жобаға 55 мыңнан астам тұрғын қатысуда – бұл дегеніміз облыс халқының белсенділігінің жарқын дәлелі. Аудан орталықтарында, ауыл мектептерінде, кітапханаларда Кітап оқу марафоны жалғасып жатыр: балалар, студенттер, мұғалімдер, ата-аналар бір мезгілде бір кітапты оқып, оны талқылап, әлеуметтік желілерде суреттерін бөлісуде.
Жобаны «Amanat» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Қостанай облысы әкімдігі жүзеге асыруда. Өңірлік демеуші – «Олжа Агро» ЖШС агрохолдингі.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов:
«Олжа-Агро» ЖШС Бас директоры Әлішер Қожаназаров:
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының Атқарушы директоры Аян Сакошев: