16 қаңтар 2026г.
2026 жылғы 14 қаңтарда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ғимаратында кітапхана мен «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың директоры Алия Шуратовна Сайдембаева және қордың тең төрағасы Шыңғыс Жұмағали қол қойды.
Толығырақ оқу
25 желтоқсан 2025г.
Қостанайда волонтерлік қызметтің жаңа үлгісі – тәлімгерлік волонтерлік басталды. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өңірде тәлімгерлік бағдарлама іске қосылды, ол білім беру көшбасшыларын, педагогтерді, отбасыларды және белсенді оқырмандарды кітап оқу мәдениетін дамытудың бірыңғай желісіне біріктіреді.
Толығырақ оқу
22 желтоқсан 2025г.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі бастамасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай қаласында 2025 жылғы 18 желтоқсан күні «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен «Олжа-Агро» ЖШС өңірдегі кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа қордың Атқарушы директоры Аян Қажимерұлы Сакошев және «Олжа-Агро» агрохолдингі Бас директоры Әлішер Асанұлы Қожаназаров қол қойды.
Толығырақ оқу
25 қараша 2025г.
Нұсқаулық «Кітап оқитын ұлт» жобасының қатысушыларына https://reading-nation.kz/ сайтында оқылған кітапқа пікірді дұрыс жазу және жариялау тәртібі
Толығырақ оқу
25 қараша 2025г.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында ерекше қарқынмен жүзеге асуда. Қала бойынша жобаға 66 000 адам қатысуда. Оның ішінде: 26 099 оқушы, 18 233 студент, 6 114 педагог, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер бар.
Толығырақ оқу
25 қараша 2025г.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы басталғалы Қарағанды облысының тұрғындары байқауға ерекше қызығушылық танытуда. Бүгінге дейін облыс бойынша 67 438 адам тіркелді, оның ішінде: 30 534 оқушы, 7 862 студент, 17 000 педагог, 10 987 отбасы және 1 439 мемлекеттік қызметкер бар. Жоба қатысушылары арасында шынайы интеллектуалды бәсеке қалыптасып, кітап оқу дәстүрге айналып, өңірде жаңа мәдениет қалыптасуда. Аудандар мен қалалар арасында оқылған кітаптар саны бойынша көшбасшылар – Абай ауданы, Теміртау және Шахтинск қалалары.
Толығырақ оқу
25 қараша 2025г.
Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасына 55 мыңнан астам тұрғын белсенді қатысып жатыр. Оқырмандар көшін мектеп оқушылары бастап тұр – олардың саны 30 703-ке жетті. Бұл жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығының жоғары екенін айқын көрсетеді. Ең белсенді аймақ – Қостанай қаласы: қала мектептерінен 6418 оқушы тіркелген. Одан кейінгі орындарда Рудный қаласы (4788), Әулиекөл ауданы (3112), Қостанай ауданы (2501) және Жітіқара ауданы (2195) тұр. Басқа қалалар мен аудандардың оқушылары да жобаға белсенді түрде қосылған.
Толығырақ оқу
25 қараша 2025г.
«Кітап оқитын ұлт» жобасына қош келдіңіз! Бұл жоба сізге көбірек кітап оқуға, әсерлеріңізбен бөлісуге және қызықты байқауларға қатысуға көмектеседі. Бастау үшін https://reading-nation.kz сайтында тіркелу және жеке кабинетіңізді ашу қажет. Жеке кабинет – бұл сіздің жеке бетіңіз, онда оқылған кітаптарды бақылауға, мақсат қоюға және жетістіктеріңізді көруге болады.
Толығырақ оқу