Елімізді әлемнің ең көп кітап оқитын он мемлекетінің тізіміне енгізу мақсатында Қазақстан азаматтарында бала кезінен бастап тұрақты кітап оқу әдетін қалыптастыру
Қазақстан халқы арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға ықпал ету
Кітап оқуды танымал ету және білімге қол жетімділікті насихаттау арқылы ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру
Әдебиетті ілгерілету арқылы рухани және мәдени құндылықтарды нығайту
3 наурыз 2026г.
«Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасы қорытынды кезеңге шығып, өзінің ауқымдылығын растап отыр.
16 қаңтар 2026г.
2026 жылғы 14 қаңтарда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ғимаратында кітапхана мен «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың директоры Алия Шуратовна Сайдембаева және қордың тең төрағасы Шыңғыс Жұмағали қол қойды.
25 желтоқсан 2025г.
Қостанайда волонтерлік қызметтің жаңа үлгісі – тәлімгерлік волонтерлік басталды. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өңірде тәлімгерлік бағдарлама іске қосылды, ол білім беру көшбасшыларын, педагогтерді, отбасыларды және белсенді оқырмандарды кітап оқу мәдениетін дамытудың бірыңғай желісіне біріктіреді.
Cеріктестер