«Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысушылардың ең көп қойылатын сұрақтарына жауаптар
«Кітап оқитын ұлт» жобасы – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сауаттылық деңгейін арттыруға, азаматтардың сыни және аналитикалық ойлауын дамытуға, сондай-ақ елдің интеллектуалдық әлеуеті мен адами капиталын нығайтуға бағытталған республикалық кітап оқу марафоны. Жобаның құрылтайшысы – «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры.
Жоба жеті бағыттан тұрады:
Кітап оқитын мектеп — жалпы білім беретін мектептердің 6–10 сынып оқушылары.
Кітап оқитын әулет — екі және одан да көп ұрпақтан тұратын, құрамы үш-бес адамнан тұратын отбасылар.
Кітап оқитын мемлекеттік қызметші — мемлекеттік қызметшілер, соның ішінде азаматтық қызметшілер.
Кітап оқитын зияткер — жасына және қызмет түріне шектеусіз Қазақстан Республикасының азаматтары.
Кітап оқитын колледж — колледж студенттері.
Кітап оқитын университет — жоғары оқу орны студенттері.
Кітап оқитын педагог — жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің мұғалімдері.
Жоқ, барлық бағыттар бойынша қатысу тегін.
Байқау екі лигада — қазақ және орыс тілдерінде — өткізіледі. Қатысушы лиганы тіркелу кезінде өз бетінше таңдайды. Байқау барысында лиганы ауыстыруға рұқсат етілмейді.
Тіркелу кезеңінде (2026 жылғы қыркүйек) байқаудың ресми сайтында www.reading-nation.kz жеке кабинет ашып, қатысушының анкетасын толтыру қажет. «Кітап оқитын әулет» бағыты бойынша жеке кабинетті отбасының бір өкілі ашады және онда отбасылық команданың барлық мүшелерін (үш-бес адам) көрсетеді, көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.
Кітаптар қатысушыларға орталықтан берілмейді. Әр бағыт бойынша 15 кітаптан тұратын тізім байқаудың ресми сайтында жарияланады, ал кітаптарды қағаз немесе электрондық форматта — өз бетінше сатып алып, кітапханадан алып немесе ашық қолжетімді көздерден тауып оқуға болады.
Әр қатысушы өз бағытының байқау тізіміне енгізілген 15 кітапты оқуы қажет.
Иә. Әр кітапты оқып болғаннан кейін қатысушы жеке кабинетке сол кітап бойынша қысқаша пікір жариялайды. Пікір шығарманың мазмұнын қамтуы, қатысушының жеке пікірін білдіруі және дербес жазылуы тиіс. Интернеттен толық немесе ішінара көшірілген, сондай-ақ басқа адамдар жазған мәтіндерді пайдалануға жол берілмейді.
Кітап оқитын мектеп: мектепішілік кезең (жеке, сынып бойынша) → аудандық (қалалық) кезең (сынып командасы) → өңірлік кезең.
Кітап оқитын әулет: мектепішілік кезең (команда мүшесі оқитын мектеп базасында) → аудандық (қалалық) кезең → өңірлік кезең.
Кітап оқитын педагог: мектепішілік/колледжішілік кезең (жеке) → аудандық (қалалық) кезең (команда) → өңірлік кезең.
Кітап оқитын колледж: колледжішілік кезең (жеке) → өңірлік кезең (команда).
Кітап оқитын университет: университетішілік кезең (жеке) → өңірлік кезең (команда).
Кітап оқитын мемлекеттік қызметші: аудандық (қалалық) кезең (жеке) → өңірлік кезең (команда).
Кітап оқитын зияткер: жеке → аудандық (қалалық) кезең (команда) → өңірлік кезең (команда).
Оқылған шығармалардың мазмұнын білу, сюжет пен кейіпкерлерді түсіну, авторларды білу, оқығанды талдай білу.
Оқылған шығармалардың мазмұнын білу, команда жауаптарының дәлдігі мен жылдамдығы, командалық өзара үйлесімді әрекет ету деңгейі.
Иә, әрбір оқылған кітап пен жарияланған пікір үшін қатысушыға жеке кабинетте балл есептеледі.
Күрделілігі жоғары байқау тапсырмалары үшін көп балл жинаған қатысушыға (командаға) басымдық беріледі. Қажет болған жағдайда байқау комиссиясы қосымша тапсырма тағайындай алады.
2026 жылғы қыркүйек — қатысушыларды тіркеу.
2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз — марафон аясында 15 кітап оқу.
2027 жылғы наурыз – сәуір — қатысушылар арасында тестілер мен квиздер.
Апелляция нәтижелер ресми жарияланғаннан кейін 20 минут ішінде қатысушының (команда өкілінің) тиісті кезеңнің байқау комиссиясына беруі арқылы жүзеге асырылады. Тиісті кезеңнің байқау комиссиясы апелляциялық комиссияның функциясын атқарады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қаралмайды.
Сыртқы көмекті, ұялы телефондарды және жауап алудың басқа құралдарын пайдалануға; басқа қатысушының орнына тестілеуден өтуге; өзгенің пікірін жариялауға немесе авторлық құқықты бұзатын материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Талаптарды бұзу анықталған жағдайда байқау комиссиясы бұзушының нәтижесінің күшін жоюға құқылы, ал бұзушылық команда нәтижесіне әсер еткен болса — команданың нәтижесінің күші толық көлемде жойылады.
Бірінші кезеңде қатысушыларды дайындау мен ұйымдастырушылық сүйемелдеуді тиісті кезең өткізілетін ұйым (мектеп, колледж, университет, мемлекеттік органның кадр қызметі) тағайындаған куратор жүзеге асырады. Келесі кезеңдерде команданы ұйымдастырушылық сүйемелдеуді тиісті кезең ұйымдастырушысының өкілдері жүзеге асырады.
Барлық қатысушылар қатысушының электрондық сертификатын алады. Әр кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады. Ұйымдастырушылар арнайы жүлделер мен қосымша номинациялар тағайындауға да құқылы.
Ұйымдастырушылар байқау сынақтары басталғанға дейін Регламентке өзгерістер енгізуге құқылы. Барлық өзгерістер байқаудың ресми сайтында жарияланады.
Екі және одан да көп буыннан тұратын, құрамы үш-бес адамнан тұратын отбасы қатыса алады. Тіркеуді отбасының бір өкілі жүзеге асырады және команданың барлық мүшелерін көрсетеді. Байқау тапсырмаларын орындауға тек тіркелген отбасылық команда құрамына енген адамдарды ғана тартуға болады.
Иә, бұл бағытқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері, соның ішінде азаматтық қызметшілер қатыса алады.
Жоқ. Бұл бағытқа жасына және қызмет түріне шектеусіз Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Жоқ, бұл бағытқа жалпы білім беретін мектептердің де, колледждердің де мұғалімдері қатыса алады.
Кітаптар тізімі, өзекті жаңалықтар, тапсырмалар мен нәтижелер байқаудың ресми сайтында www.reading-nation.kz жарияланады.